• Көздің шыныайнасы - қантамырлар жүйесі жоқ адам денесінің жалғыз бөлігі. Мөлдір қабықтың мөлдірлігін сақтау үшін оны оттегімен байыту қан клеткаларының есебінен емес, ауадан алынған оттегі еритін көз жасына байланысты болады.
• Бір күнде адамның қаны 19000 км-ден астам жолды еңсереді.
• Жүректің минутына айдайтын қан мөлшері бес литрден отыз литр аралығында өзгеруі мүмкін.
• Орташа есеппен, салмағы 70 кг адамда шамамен бес литр қан болады.
• Қан адам салмағының шамамен 7%-ын құрайды.
• Адамның қан мөлшері жасына, жынысына, жалпы денсаулығына және тіпті тұратын жеріне де байланысты.
• Плазманың шамамен 90%-ын су құрайды. Сондай-ақ, плазмада әртүрлі электролиттер, глюкоза, газдар, қоректік заттар, ақуыздар мен гормондар бар.
• Ересек адамның барлық қанын сору үшін 1120000 маса қажет болады.
• Жүрек ұстамасының 21% жағдайлары көбінесе дүйсенбі күндері болады екен. Екінші орынды – жұма алады. Ғалымдар мұны аптаның басындағы стресс гормоны деңгейінің жоғарылауымен байланыстырады. Жүрек ұстамасы қаупін азайту үшін таңертең баяу оянып, кешкі жаттығулардың қарқындылығын азайту керек.