Жыл сайынғы дәстүр бойынша, 2021 жылғы 03 ақпаннан бастап 10 ақпанға дейін Қостанай облыстық қан орталығында «Ғашық жүректер» акциясы өтті.
Жағымды сыйлық үміткерлеріне қанды донациялаудан кейін донорлық, донорлар туралы, арнайы жүрекше тәрізді бланкілерде құтқарылған өмір туралы жылы сөздер жазу ұсынылған болатын.
Қостанайлықтар толтырған донорлық туралы хаттардың ішінде ғашық жұптар: Талғат Саржанов пен Гүлназ Әбділдинаның хаты комиссияның жүрегінен орын алды.
Рудный қаласы бойынша жеңімпаздар ерлі-зайыпты: Адиловтар, Фархат және Юлия болды.
Біздің барлық жүлдегерлеріміз: Фархат-Юлия, Талғат-Гүлназ - тұрақты донорлар, үнемі қан тапсырып отырады, өз денсаулықтарын қадағалайды және олар басқалар үшін тамаша үлгі болып табылады.
Акция жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді.
Басқа адамға, мүлде таныс емес адамға көмектесу - бұл нағыз қайырымдылық.
Сіздер сияқты адамдар өздерінің адами міндеттерін орындай отырып, азаматтық қоғамды қалыптастырады.
Сол үшін Сіздерге алғысымызды білдіреміз.
Біздің акцияларға қатысыңыздар!
Ерікті өтеусіз донорлықты насихаттаңыз!
Біздің ұранымыз: «Сен көмектессең –саған да көмектеседі!»