Мынаны білу қажет:
Қан және плазма донорларының назарына! Қан тапсыру мен плазмаферезден кейін барлық плазма 4 ай мерзіміне сақтау үшін (карантинге) салынатынын ескертеміз. Емдеу мекемелеріне плазманы одан әрі беру дайындалған плазманың толық қауіпсіздігін растау үшін 4 айдан соң донорды қайта тексергеннен кейін ғана жүргізіледі. Егер Сіз қандай да бір себептермен қан донациясы немесе плазмаферез шарасына келе алмайтын болсаңыз, қан талдауын тапсыру үшін басқа күні келуіңіз керек. Сіз оған көп уақыт жұмсамайсыз. Осылайша, науқастарға қажетті карантинделген плазма емдеу мекемелеріне дер кезінде беріледі.
Осындай талдауларды жүргізбей тұрып, Сіздің қаныңыздың компоненттері құю үшін пайдаланылмайды.
Сіздің уақытыңыздың шығыны аз болады, ал перзентханалар мен балалар мекемелері үшін аса қажетті карантинделген плазма емдеу мекемелеріне уақытында берілетін болады.
Тромбоциттер донорларының назарына! Тромбоциттер сияқты донорлық жасушалардың жарамдылық мерзімі 5-7 күн болғандықтан, Қан орталығы тромбоцитоферез шарасына ТҰРАҚТЫ донорларды ғана қабылдайды
Тұрақты донорлар қауіпсіз контингент болып табылады, денсаулықтары жіті қадағалауда болғандықтан, олардың арасында инфекциялардың таралу қауіпі өте төмен болады.
Донорды қан тапсыру шарасына жіберу, донацияның түрі мен көлемі туралы қорытынды шешімді қан орталығының трансфузиолог дәрігері қабылдайтынын ескертеміз.