Қостанай облыстық қан орталығы дозалар санының жеткілікті болуына байланысты COVID-19-бен ауырып жазылғандардан иммундық плазманы дайындауды тоқтата тұрады.
Шақыртуға үн қатып, науқастардың сауығуына көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз!
Қажет болған жағдайда иммундық плазманы дайындау қайта басталады, ол туралы қосымша хабарланатын болады.
Әдеттегі донорлық қанға қажеттілік әлі де бар екенін, болғанын және болатынын ұмытпаңыздар. Бүгінгі күні резус-факторы Rh (-) теріс барлық қан топтары сұранысқа ие!
Облыстық қан орталығының әкімшілігі баршаңызға денсаулық тілейді!