Көшпелі іс-шараны:
2021 жылғы 18 қаңтар: дүйсенбі күні, Қостанай қаласы, Кубеев көшесі, 2 мекенжайы бойынша «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді аурухана» КМК корпусында, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін;
2021 жылғы 20 қаңтар: сәрсенбі күні, Рудный қаласы, Горняк көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер мнистрлігі Қостанай облыстық Полиция департаменінің Рудный қалалық полиция басқармасы» ММ-де сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2021 жылғы 21 қаңтар: бейсенбі күні, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Мир көшесі, 24 мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптада (11.01.-15.01.2021 ж.) Рудный, Қостанай қалаларында:
- донорлыққа қатысуға ниет білдіргендер - 86 адам;
- донорлықтан босатылғандар - 17;
- қан тапсырған донорлар саны – 69 адам.
Рудный қаласының тұрғындары!
Біз СІЗДЕРДІ, қала мен оған іргелес аумақтардың дені сау және сергек тұрғындарын белсенді әрі тұрақты донор болуға шақырамыз!
Сіздердің қалаларыңызда хирургиялық араласу жасайтын керемет дәрігерлер қызмет атқарады. Рудный қаласындағы медициналық ұйымдардың қан компоненттерін тұтынуы біздің қан қорымызды СІЗДЕРДІҢ толықтыруларыңыздан да асып түсіп жатады!
Карантиндік-шектеу іс-шаралары-донорлықтан бас тартуға себеп емес!
ҚАН ҚАШАНДА ҚАЖЕТ!