Қостанай облыстық қан орталығының донор бөлімінің мәліметтері бойынша 11 қаңтарда бізге донор болу үшін 41 адам жүгінді, донорлыққа 32 адамға рұқсат берілді.
Естеріңізге сала кетейік, бейсенбіде Рудный қаласында біз Рудный қаласының тұрғындары үшін акцияны жалғастырамыз! Акцияның шарттарын біз бұдан бұрын жариялаған болатынбыз.
Облыстық қан орталығының басшылығы мен ұжымы барлық қамқор қостанайлықтар мен қала қонақтарына шет қалмай, жақын жандарға жанашырлық танытып, тілектес болғаны үшін, қазіргі уақытта өте ауыр жағдайдағы адамдарға өзінің уақытын бөліп, қанының бір бөлігін жұмсағаны үшін алғыс білдіреді ...
Рахмет СІЗДЕРГЕ, мейірімді жандар!