Донорлық деген - аздап үрей ұялататын тақырып. Әсіресе, процедура технологиясын және ағзадан қандай реакция күтуге болатынын білмейтін алғаш рет қан тапсыратындар үшін солай.
Кейде қан орталығына жақындағаннан ақ екпінің басылып қалады. Тамырлы арнаға араласумен байланысты процедура туралы ой - бұл жерде бірдеңе жұқтырып алмаймын ба деген алаңдаушылық пен ойды тудыруы мүмкін. Біз донациядан қорқуды қалай тоқтатуға болатыны туралы донор болып көрген адамдардан сұрап білдік.
1. Алдын ала осы жерге келу керек, келіп, қарап шығу керек, орталық дәлізіне бару керек, қай жерде және қалай тапсыратынын көру керек. Өйткені, беймәлімділік адамды қорқытады, ал егер де адам өзі көрген бөлмеге келсе, оны не күтіп тұрғанын ол біледі, оған эмоционалды түрде әлдеқайда ыңғайлы болады. Бірден донацияға келу міндетті емес, жай ғана келіп экскурсияға жасауға да болады. Сізді әрқашан бұл жерде жылы қарсы алып, не болып жатқанын, қан берудің қандай кезеңінде қандай сезімдерді сезінетініңізді айтады және түсіндіріп береді.
Қостанай облыстық қан орталығында - медициналық техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған заманауи зертханалар бар. Қан алу аймағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сізбен жанасатын барлық құралдар, бір реттік және стерильді. Құрал-саймандар қаптамасы Сіздің көзіңізше ашылады және сол жерде бірден арнайы ерітіндіге салынады, содан кейін пайдаланылған құрал-сайман бірден жойылады. Сізге дейін де, сізден кейін де құрал-саймандар қайта пайдаланылмайды - сондықтан қандай да бір вирусты жұқтыру қаупі негізсіз.
2. Көптеген адамдар донациядан кейін немесе қанды көргенде есінен танып қалудан қорқады, сондықтан процесс кезінде не болып жатқанына емес, біреудің өмірін сақтап қалу ойына көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
3. Алданудың ең жақсы жолы – басқа нәрсемен айналысу. Қан алу 10 минуттан аспайды. Осы кезде селфи жасап, оны әлеуметтік желілерге салу үшін уақыт айтарлықтай жеткілікті, осылайша өтеусіз донорлыққа одан да көп адамдарды тартуға болады.
4. Жас донорлар да акцияларға қосылуға кеңес береді. Қостанай облыстық қан орталығында акциялар жиі өткізіледі. Олар туралы біздің ресми интернет-ресурстан, әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан білуге болады.
Тәжірибелі донорлармен сөйлесіңіз – олар әрдайым сіздердің орталарыңызда жеткілікті, достарыңызбен және жазылушыларыңызбен әлеуметтік желі беттеріндегі жаңалықтармен бөлісіңіз, ақпаратты біздің ресми интернет-ресурстан оқыңыз.
Көп адамдар әріптестерімен келеді - біздің үндеулерімізге әрдайым жауап беретін ұжымдар бар. Әсіресе, егер қайғылы жағдай болса, қанға деген қажеттілік те артады – облыс көлемінде мұндай жағдай өте жиі орын алады.
Көпшілікпен бірге келіп қан тапсыру – өте оңай әрі көңілді және ешқандай қорқынышты емес.