19 қыркүйекте «Облыстық қан орталығы» КМК «Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КММ-мен бірлесіпKOSTANAYPLAZA сауда ойын-сауық орталығының аумағында «Меніңжүрегім, сенің жүрегің!» атты акция өткізді. Донорларды жинақтау бөлімінің мәліметтері бойынша 30-дан астам адам іс-шараға қатысуға ниет білдірді, ал донацияға тек 22 адам жіберілді.
Бұл акцияға сауда-ойын-сауық орталығының қызметкерлері белсендіқатысты. «Алау», «Костанайские новости», «Наша газета», «Типичный Костанай» өңірлік БАҚ-тары ақпараттық қолдау көрсетті.
Өткен аптаның көшпелі жұмысының қорытындысы бойынша донорлыққа қатысу үшін (Сарыкөл ауданы, Рудный қ.) 143 адам жүгінді.