Осы аптада көшпелі іс-шараны:
20 қараша күні: «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 181, мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
22 қараша күні: Рудный қалалық балалар ауруханасының (бүйіржақ кіреберіс) инфекциялық корпусында: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Володарский көшесі, 1 мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Барлық тілек білдірушілер донорлыққа қатыса алады. Өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы керек.
Біз сіздерді күтеміз!
Өткен аптаның қорытындысы бойынша көшпелі жағдайда (Меңдіқара ауданы, Рудный қаласы) донорлыққа қатысу үшін барлығы 58 адам жүгінді, қан тапсырған донорлардың саны – 48. Бас тартқандар саны – 10 болды.