Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Медбике ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік іс", " Медбике ісі" немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскендер үшін " Медбике ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", " Медбике ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және орта біліктілік деңгейі бар маманның сертификаты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 791 «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Бұйрығы.