Мендигалиева Кызылгул Табылдиевна - қанды дайындау тобының (эксфузионист) медбикесі.
Арқалық медициналық училищесін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады және Торғай облысының медициналық ұйымдарында 13 жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеді, облыстық қан орталығында 2008 жылдан бастапқызмет атқарып келеді, жалпы медициналық өтілі - 25 жыл.
Дәл сол жерде, Жангелді аудандық ауруханасының трансфузиологиялық кабинетінде Кызылгул Табылдиевнажұмыс орындарында оқыту және теориялық және практикалық дайындықты тексеру мақсатында халыққа трансфузиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға үнемі барып тұратыноблыстық қан орталығының білікті мамандарымен алғашқы рет кездесті.
Сол кезде Торғай өңірінің ауруханалық ұйымдарын тексеруші
Е. Иосипенконың айтуынша, медбике К.Т. Мендигалиевамен танысқан күнді ұмыту мүмкін емес.
Жақсы теориялық және практикалық дайындық, медициналық құжаттарды дұрыс және сауатты жүргізу, кабинеттімұнтаздай тазалықта ұстау (оның өз кабинетінекелетін кезекті күтпестен,бос уақытында өз қаражаты есебінен өз бетінше жұмыс кабинетін жөндеуден өткізген) тәжірибелі тексерушілерді таң қалдырғаны соншалық, олардыңжігерлі қызды облыстық қан орталығына жұмысқа шақырмасына қоймады. Кызылгул Табылдиевна сол кезде жымиып қана күлді - Қостанайға көшу деген ойоның жоспарында да жоқ еді.
Бірақ, біраз уақыттан соң, Кызылгул Табылдиевнаныңотбасы көшугебел байлады. Медбике сол кездегі шақыруды есіне алып, облыстық қан орталығына хабарласып, шын ықыласпен жұмысқа алынды.
Қазіргі уақытта ол қанды дайындау бөлімінде табыстыеңбекатқарып келеді, жаңа технологияларды игеріп, жаңадан келгендерге көмек көрсетіп, көшпелі бригада жұмысына қатысады. Бүгінгі таңда ол екінші біліктілік санатына ие және қан мен оның компоненттерін дайындаудың барлық әдістерін меңгерген.
Табысты жұмысы үшін Кызылгул Табылдиевна құрмет грамотасымен, естелік сыйлықпен марапатталды.
Ол барлық өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысады, ұлттық әндер мен билерді жақсы біледі және өте керемет орындайды, үйде дайындалған тәтті тағамдарын үнемі әріптестерінеәкеліп ұсынады, оның қолымен дайындалған тағамдар тіл үйіреді. Жұбайымен бірге олар тамаша ұлды тәрбиелеп өсірді.
Қараңызшы, қандайақылына көркі сай қызметкер бізде жұмыс істейді!
Сізге мықты денсаулық тілейміз, құрметті Кызылгул Табылдиевна!
Сіз бізбен ұзақ уақыт бойы жұмыс жасайсыз деп үміттенеміз!