Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «Облыстық қан орталығы» КМК көшпелі жұмысты жүзеге асырмайтыны туралы пайдаланушылардың өкініш білдірген пікірлері жиілеп кетті. Бұл белгілі бір топтың/резус-фактордың қан қорының шектеулі болуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде біздің халыққа жүгінуге мәжбүр болған жағдайларда байқалады. Бұның дұрыс емес екендігін айту кету керек. «Облыстық қан орталығы» (бұдан әрі-ОҚО) облыс бойынша (облыс орталығы, қалалар, аудандар) көшпелі жағдайларда жұмыс істеп келеді және жұмыс істейді. Егер сіздің кәсіпорныңызда донор күнін ұйымдастыруға ниетіңіз пен мүмкіндігіңіз болса, біз сізге көмектесеміз. Ол үшін Облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөліміне қоңырау шалуыңыз қажет. Донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес беріледі: (8-714-2)-266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122) жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін. Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен қан орталығының сайтында танысуға болады: http://donor-kostanay.kz/ru/, бөлім / «ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті. Күн сайын біздің ресми интернет-ресурста біз «Донорлық бағдаршам» хабарламасын жариялаймыз. Онда біз бүгінгі таңда талап тетілетін ең қажетті қан тобын/резус факторын көрсетеміз және донорлардың келуін күтеміз. Біз Құрметті донорларға донация алдында печеньемен тәтті шай ұсынамыз, оған қоса 0,25 АЕК мөлшерінде ақшалай өтемақы, орташа жалақысы бойынша ақы төлей отырып, 2 күн демалысқа анықтама береміз. Алдағы күндері біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған айлық туралы, оны өткізу тәртібі мен жүлде қоры туралы хабарландыру жариялаймыз. Ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу – Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарының бірі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 168-бабына сәйкес, жұмыс берушілер мен ұйымдардың басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында: денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды донорлар қатарына тартуына жәрдем көрсетуге; қан мен оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай жасауға; донор болып табылатын қызметкерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күні жұмыстан кедергісіз босатуға; донор болып табылатын қызметкерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорларды қосымша көтермелеуге құқығы бар. Сізді жұмыс беруші, ұйым басшылары ретінде немқұрайлы қалмауға және донор күнін өткізуге көмек көрсетуге шақырамыз. Сіздің немесе сіздің жақын адамдарыңыздың донор қызметіне мұқтаж болмауынан ешкім де сақтандырылмайды. Тек Сіз ғана дұрыс басымдықтарды қоя аласыз. Тек донор ғана мыңдаған адамның өмірін ерікті және өтемсіз құтқара алады.
ОҚО басшылығы