Көшпелі іс-шараны:
19 наурыз күні: Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, «Жастар» аудандық мәдениет үйі» МКҚК, Гоголь көшесі, 15 мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Барлық тілек білдірушілер донорлыққа қатыса алады. Өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы керек.
Біз сіздерді күтеміз!
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (11.03.2019 ж.-15.03.2019 ж.) көшпелі жағдайда донорлыққа қатысуға 140 адам ниет білдірді, барлық қан тапсырған донорлар саны - 115. Донорлықтан босатылғандар саны - 25.