Марғұлан Қасымов - бұл Қостанай облысында әрбір немқұрайлы емес, кейде жергілікті баспасөзді оқитын ересек адамға белгілі баланың аты.
Тағдыры қиын, күрделі диагнозбен дүниеге келген, бірқатар омыртқа отасын басынан өткерген бала. Баланың туған-туыстарына емдеу процедуралары мен оңалту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету үшін өңірлік БАҚ, «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасы арқылы бірнеше рет қаражат жиналды.
Төрт жыл бойы Облыстық қан орталығында жылына бір рет, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні алдында, жаңа жыл қарсаңында, барлық ересектер мен балалар ғажайыптар күтетін кезде ашылатын дәрі – дәрмекке қаражат жинауға арналған қорап тұр. Және сол ғажайып орындалды.
Донорлар, келушілер және Облыстық қан орталығының қызметкерлері қаражат жинауға белсенді қатысты. Қостанайлықтар мен қала қонақтарының қолдауының арқасында жарты миллион теңге жиналып, және ол ақша баланың туған – туыстарына берілді - жақын арада балаға Қорған қаласында кезекті жоспарлы операция жүргізілетін болады.
Облыстық қан орталығының басшылығы жиналған қаражаттың арқасында баланың өмір сүру сапасы жақсаратындықтан жоба қатысушыларына зор алғысын білдірді.
Тәуелсіздік және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Облыстық қан орталығы қызметкерлері ұжымының атынан баршаңызға денсаулық, бейбітшілік, амандық және молшылық тілейміз.
Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ!