Облыстық қан орталығының қызметкерлері үшін дене белсенділігі-өмір нормасы. Олардың көпшілігі жұмысқа жаяу жүріп барып, келеді, «скандинав жүрісі», жүзумен айналысады, облыста медицина қызметкерлері арасында өткізілетін барлық спорттық жарыстарға, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Кәсіпорын басшысы Е. Иосипенконың белсенді өмірлік ұстанымының арқасында бөлімшелерде бесминуттық дене шынықтыру жаттығуларын өткізу егізілді және үлкен табысқа ие болып келеді. Күн сайын мұндай бес минуттық жаттығуды кезекті қызметкер өткізеді – бүгінгі таңда тіпті оның өз басымдықтары да қалыптасты.
Біреулер бидің күрделі элементтерін енгізген би кешенін ұнатады, кейбіреулер ритмдік гимнастиканы, кейбір жетекшілер ретро аэробиканы, фитнес және тіпті балалар жаттығуларының элементтерін еске түсіреді! Ең бастысы - дене белсенділігі, «біз жақсы формадамыз және жаңалықты үйренуге дайынбыз деген жақсы көңіл-күй мен ықыласты көрсету!
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері Облыстық қан орталығының медицина қызметкерлерінің белсенді қолдауымен «Дене белсенділігі - денсаулық пен ұзақ өмір сүру жолы» ұранымен жоспарлы флешмоб өткізді.
Жетекшілері - дене белсенділігі бойынша үйлестіруші Юлия Казанцева, сондай-ақ «zumba fitness» нұсқаушысы латынамерикалық әуенге би билеп, барлық адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!
Зумба? Бүгін зумба болсыншы!