Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК (ОҚО) 2018 жылға 21 қарашадан 7 желтоқсан дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Донор! Бүгін сенің күнің!» - «Донор! Сегодня твой день!» атты акция өткізілетіні туралы хабарлайды
Акцияның мақсаты: ерікті өтеусіз донорлықты насихаттау және дамыту.
Акцияға қатысу үшін:
Акция өтетін күндері Қостанай қ., Быковский к-сі, 4 «А» мекенжайы бойынша ОҚО-ға донациялау (қан беру) үшін хабарласуға болады.
1) қан тапсыру (плазма, тромбоциттер).
2) бақылау білезігін үшінші қабатта донация залының жанында орналасқан мөлдір пластик қорапқа тастау қажет.
2018 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 12.00-де ОҚО-ның үшінші қабатында Акция жеңімпаздары анықталады, ал 2018 жылы 14 желтоқсан күні сағат 15.00-де ОҚО-ның екінші қабатының холлында - донорларға салтанатты түрде билеттер тапсырылады.
Акция жеңімпаздарын анықтау алгоритмі:
1) Т.А.Ә. және донация күні жазылған донацияны жүзеге асырған донордың пайдаланылған бақылау білезіктері (қызыл, ақ, сары түсті) мұқият араластырылады.
2) Акцияны ұйымдастырушылардың тапсырмасы бойынша 7 білезікті мүдделі емес тұлға кездейсоқ таңдау әдісімен мөлдір қораптан алады. Қала кинотеатрына 5 билет және Қостанай облыстық драма театрына жаңа жылдық 2 билет (әрбір 2-ші - ана мен балаға) ойнатылады.
3) Мүдделі емес тұлға акцияны ұйымдастырушыға білезікті береді, акцияны ұйымдастырушы білезіктің нөмірін, жеңімпаздың деректерін және сыйлықты жариялайды. Осыдан кейін акция ұйымдастырушылары қатысушы-жеңімпазбен телефон арқылы байланысады. Егер телефон нөмірі 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе, жүлде акция ұйымдастырушыларының қорына қайтарылады.
4) Жеңімпаз жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін ғана сыйлығын ала алады.
5) Қатысушы сыйлықтан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда Жеңімпаз жүлдені қабылдау-тапсыру актісінде және хаттамада ұтыстан бас тарту туралы өзінің шешімін көрсетуі тиіс.
6) Акция хаттамасы жүргізіледі.
Барлық тілек білдірушілерді 21 қараша мен 7 желтоқсан аралығында сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін Облыстық қан орталығында күтеміз!
Сіз біздің өтінішімізге үн қатып, осы акцияны өткізуге белсенді қатысасыз деп үміттенеміз.
Қостанай қаласының жұмыс берушілерінің назарына!
Егер сіздің кәсіпорныңызда донор күнін ұйымдастыруға ниетіңіз бен мүмкіндігіңіз болса, біз сізге көмектесеміз. Ол үшін ОҚО-ның донорларды жинақтау бөліміне қоңырау шалуыңыз қажет.
Донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес беріледі: (8-714-2) -266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122) жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін.
Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен біздің сайтта танысуға болады: http://donor-kostanay.kz/ru/, бөлім / «ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті.
Донор күнін ұйымдастыру кезінде 21 қарашадан 7 желтоқсанға дейін сіздің кәсіпорныңызда пайдаланылған білезіктер де жүлделер ұтысына қатысады!
Өтеусіз донорлықты дамыту адамдарға жанашырлық, қайырымдылық, көмекке келуге дайындығын дамытуға көмектеседі, ал бұл қоғам үшін өте маңызды.
Ерікті өтеусіз донорлықты көтермелеу – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарының бірі. Ешкім де сізге немесе жақындарыңызға донор қызметінің қажет еместігінен сақтандырыла алмайды. Тек Сіз ғана дұрыс басымдықтарды қоя аласыз.
Донор болу-әрбір Адамның құрметті міндеті.
Акция демеушісінің бірі - «ОрдаМед Костанай» ЖШС.