Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі.
Мерекені бекіту күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заңды қабылдады.
Ел Президенті Н. Назарбаевтың нақты стратегиялық бағытының арқасында бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілген, қарқынды дамып келе жатқан экономикасы бар заманауи прогрессивті мемлекет құрылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстың медициналық ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өткізу әлдеқашан жақсы дәстүрге айналған.
Мереке қарсаңында Облыстық қан орталығында салтанатты іс-шара өтті. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдап, мерекелік шараға арналған кинофильмді тамашалады. Қызметкерлерге арнап директордың м.а. Т.К. Дюсебаев құттықтау сөз сөйледі.
Дәл осы күні 2018 жылғы 21 қарашадан бастап 2018 жылғы 7 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырып өткізілген «Донор! Бүгін сенің күнің!» - «Донор! Сегодня твой день!» акциясының жеңімпаз донорларына жақсы сыйлықтар - «Арман» киноорталығына және «Орыс драма театрына» билеттер берілді.
Дәстүр бойынша ОҚО мерейгерлері марапатталды – 20 жыл бойы ОҚО-да жұмыс істеген әрбір адамға ескерткіш мүсінше және «Қан қызметінің мерейгері» лентасы тапсырылады.
Облыстың қан қызметіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін және мереке құрметіне Денсаулық сақтау басқармасының, ОҚО директорының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен ОҚО-ның мәдени іс-шараларына белсенді ат салысқан үздік қызметкерлер марапатталды.
Жаңа енгізілім ретінде - 2017-2018 жылдары еңбекке жарамсыздық парағынсыз жұмыс істеген қызметкерлер моральдық көтермелеу ретінде қаптамадағы дәрумендер мен минералдар кешенін алды.
Осындай іс-шаралар патриоттық және адамгершілік, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге, ұжымда жаңа дәстүрлердің пайда болуына және моральдық-психологиялық климаттың нығаюына ықпал етеді.