Іс-шаралар:
- 4 қыркүйек күні «Қостанай АОА» КМК Воскресеновка ауылының медициналық пунктінде , Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Воскресеновка ауылы, Киров көшесі, 50 мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
- 5 қыркүйек күні «Алтынсарин АОА» КМК Красный Кардон ауылы фельшерлік-акушерлік пунктінде, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Красный Кардон ауылы, Парковая көшесі мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
- 6 қыркүйек күні Рудный қалалық емханасының клиника-диагностикалық зертхана корпусында: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Корчагин көшесі, 162 а мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.
Барлық тілек білдірушілер іс-шараға қатыса алады. Өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы керек.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша көшпелі жағдайда барлығы 39 адам ( Меңдіқара ауданы ) жүгінді.
29 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай өткізілген «Мен – донормын! Мен Қазақстан азаматымын!» атты акцияға 28 адам қатысты.