Облыстық қан орталығының басшылық бастаған ұжымы биылғы жылы бірінші жалпы қалалық сенбілікті өткізу туралы әкімдіктің бастамасын қолдады. Алдағы атаулы күн – Қостанай қаласының 140-жылдығына орай, орталық учаскелер мен шеткері аймақтар қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларына сәйкестәртіпке келтірілуі керек.
Қызметкерлер өткен жылғы жапырақтарды жинап, аумақты қоқыстан тазартты, ағаштарды әктеді. Бұндай іс – шара биыл бірінші рет болып тұрған жоқ - ұжым іргелес аумақты үнемі тазалықта ұстауға тырысады.
Алда ағаштардың көшеттерін отырғызу және гүлдерді отырғызатын гүлзарларды бөлу жұмыстары күтіп тұр, мұндай уақытта жұмысқа бару жанға жайлылық сыйлайды, ал облыстық қан орталығына келген донорлар аумақтың мінсіз тазалықта екендігін айтқанда тіптен көңіл сүйсіндіреді.
Мамыр айындағы мерекелерге дейін жоспарланған негізгі жұмыстар аяқталады.