Осы аптада көшпелі іс-шараны:
26 қараша күні: «Қостанай-Су» КМК, Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 19, мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
27 қараша күні: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Аманқарағай ауылы, Приэлеваторная, 16, мекенжайы бойынша, дәрігерлік амбулатория үй-жайы, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
28 қараша күні: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құшмұрын ауылы, Калинин, 19, мекенжайы бойынша, «Құшмұрын ауылдық ауруханасы» МКҚК үй-жайы», сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
29 қараша күні: Рудный қалалық балалар ауруханасының (бүйіржақ кіреберіс) инфекциялық корпусында: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Володарский көшесі, 1 мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Барлық тілек білдірушілер донорлыққа қатыса алады. Өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы керек.
Біз сіздерді күтеміз!
Өткен аптаның қорытындысы бойынша көшпелі жағдайда (Қостанай, Рудный қалалары) донорлыққа қатысу үшін барлығы 158 адам жүгінді, қан тапсырған донорлардың саны – 110. Бас тартқандар саны – 48 болды.