Трутнева Нина Васильевна - Целинная темір жолының Целиноград медициналық училищесін 1984 жылы бітірген. Еңбек жолын балабақшада медбике болып жұмыс істеуден бастады, қазір ол Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің процедуралық медбикесі.
Ол медициналық училищенің студенті болып жүрген кезден бастап донор болып келеді, мезгіл-мезгіл қан тапсырып тұрды. 2013 жылдан бастап ол Қостанай облыстық қан орталығының тұрақты доноры болып табылады, оның 12 донорлық көмегі бар, оның 2-уі тромбоциттер донациясы.
Бөбектер үшін донорлық қанның қажеттілігі туралы балалар ауруханасының медбикесінен басқа кім білуші еді? Аурухана мен облыстық қан орталығыныңғимараты бір-біріне жақын жерде орналасқандықтан,донорлық бөлім шақыра қалса, олбірден жауап береді жәнесодан кейін көп уақыт өтпей-ақ,бірнеше минуттың ішіндеНина Васильевнаныдонорлық орындықтанкөре аласыз.
Ол өз жұмысында донорлық туралы айтып отырады - бөлімшенің медициналық қызметкерлерінің едәуір бөлігі Нина Васильевнаныңарқасындатұрақты қан тапсырушылар болып табылады.
Сізге зор денсаулық тілейміз, құрметті Нина Васильевна! Донорлардың қатарында мүмкіндігінше ұзағырақ болыңыз!