Осы аптада көшпелі іс-шараны:
11 желтоқсан күні: «ҚР ІІМ Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ, Қостанай қаласы, Карбышев көшесі, 6, мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
13 желтоқсан күні: Рудный қалалық балалар ауруханасының (бүйіржақ кіреберіс) инфекциялық корпусында: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Володарский көшесі, 1 мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
14 желтоқсан күні: «Стомед групп» ЖШС «Жемчужина Стомед» медициналық орталығының үй-жайы, Қостанай қаласы, Уральская көшесі, 14, мекенжайы бойынша, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Барлық тілек білдірушілер донорлыққа қатыса алады. Өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы керек.
Біз сіздерді күтеміз!
Өткен аптаның қорытындысы бойынша көшпелі жағдайда (Қостанай, Рудный қалалары) донорлыққа қатысу үшін барлығы 104 адам жүгінді, қан тапсырған донорлардың саны – 80. Бас тартқандар саны – 24 болды.
ОҚО басшылығы облыс тұрғындарын келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды, сондай-ақ Қостанай қалалық ауруханасының емделушілері үшін қан тапсырған теріс Rh (-) резус-факторы бар В (III) үшінші қан тобының барлық донорларына алғысын білдіреді.