2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл күн қазақ достастығының символы, қонақжайлылық көрсеткіші ретінде атап белгілі. Кеңес жылдары көптеген халықтардың өкілдері Қазақстанға жер аударылды, мұнда өздерінің екінші Отанын тауып, көпшілігі осында мәңгіге қалды, немерелерінің балаларын өсірді.
Бұл күні туыстарына, достарына, әріптестеріне бірге өткізген уақыты үшін алғыс айту дәстүрге айналған, бұл татуластық орнатуға, жаңа қарым-қатынастарды бастауға мүмкіндік береді. Бұл біздің тарихымызды, мемлекетіміздің, еліміздің, отбасымыздың тарихын есте сақтауға себеп болып табылады.
Алғыс білдіру барлық адамдардың денсаулығын жақсартады — оны айтқан адамдардың да және ол айтылған адамдардың да. Дегенмен, шынайы ризашылықпен таза жүректен шыққан алғыс қана пайда әкелетінін естен шығармау керек.
Тек шынайы интонациямен айтылған сөз ғана оның мағынасын жандандырады, позитивті және жақсы көңіл-күй сыйлайды, көптеген жағымды эмоцияларға әкеледі, бір-бірімізге мейірімді болуға және бір-біріне көмектесуге шақырады, сондай-ақ қарым-қатынас атмосферасын және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартады.
Алғыс айту күні - бұл жаңа мереке, ол әлі де жеткілікті дәрежеде танымал бола қойған жоқ, оның әлі де дәстүрлері аз.
Әрбір ұйым толеранттылықтың дамуына ықпал ететін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыра отырып өз дәстүрлерін және өзінің жеке және басқалардың жетістіктеріне қуана білу мүмкіндігін дамытады.
Бүгін Қостанай облысы Амангелді ауданының жас жігіттері Алғыс айту күні мерекесінде Облыстық қан орталығына мұқтаж жандарға қан тапсыру үшін келді. Біздің ойымызша бұл жағдайға «акция» сөзі сәйкес келмейді. Бұл - ізгі істер күні, қайырымдылық күні, алғыс айту күні.
Бүгін біз жастарға дұрыс өмірлік бағдарлары үшін, қанымен, өзінің бейтаныс адамдарға деген мейірімді қарым-қатынасымен бөліскендері үшін, жоғары адамгершілік қасиеттері үшін алғысымызды айтамыз!
Облыстық қан орталығының басшылығы мен қызметкерлері донорларға зор ризашылықтарын білдіреді!
Мерекелеріңізбен, Көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймыз!