Осындай ұранмен 21 маусымда Мемлекеттік қызметші күніне орай Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкерлері арасында көшпелі акция өткізіледі.
Ерікті өтеусіз донорлықты қолдауды Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері әрдайым жүзеге асырады. Осындай акциялар үнемі өткізіледі. Жақында облыстық қан орталығында «Әдепті сақта» акциясы өткіен болатын, оның барысында Қостанай ауданының мемлекеттік қызметшілері өтеусіз донорлар болды, одан кейін эстафетаны Федоров ауданының мемлекеттік қызметшілері қабылдады.
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ Облыстық қан орталығымен көршілес орналасқан. Басқарма қызметкерлері бірінші өтініш білдіргеннен ақ қан тапсыруға келеді, көптеген мемлекеттік қызметкерлер тіпті тұрақты донор болды. Азаматтардың денсаулығын сақтаумен айналысатын адамдар сөзбен емес, іс жүзінде тегін көмек көрсетеді. Егер адам ДОНОР болса, яғни ол дені сау және тек физикалық жағынан ғана емес. Бүгінгі күні моральдық, психологиялық жетілудің жоғары деңгейін пациенттермен өз қанымен адал ниетпен бөліскен мемлекеттік қызметшілер көрсетеді.
Мұндай акциялар Мемлекеттік қызметтің оң имиджін ілгерілетуге, елдің жетістіктеріне жеке қатысушылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Облыстық қан орталығының басшылығы мемлекеттік қызметшілерді денсаулық пен өмірді құтқару ісіне қосылуға және жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Облыстық қан орталығына (Быковский көшесі, 4а) шақырады.
Көпшілікпен бірге қан тапсыру – өте оңай, әрі көңілді және ешқандай да қорқынышты емес!