«Облыстық қан орталығы» КМК-на келушілердің барлығына қош келдіңіздер демекпін!
Сіздердің өтініштеріңізге жедел және тиімді әрекет ету мақсатында блог-платформа құру туралы шешім қабылданды. Ол сұрақ-жауап интерактивті нұсқасында жұмыс істейтін болады. Мұнда сіздер өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар, тілектер қалдыра аласыздар, пікірлермен бөлісе аласыздар. Сіз барлық сұрақтарыңызға онлайн режимінде жауап ала аласыз. Дәл осылай біз кемшіліктерді уақытылы түзетіп, жұмысымыздың сапасын жақсарта аламыз!
Сондай-ақ, біз Сізді қызықтыратын мәселелерді:
- Сенім телефоны:8 (7142) 26-63-06;
- «Облыстық қан орталығы» КМК директоры және/немесе директорының орынбасарында жеке қабылдауында болу;
- Этикалық комиссияға жазбаша өтінішпен жазу арқылы қарастыра аламыз
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің
байланыс телефоны 8 (7142) 26-63-06
(егер сіздің қоңырауға жауап бермесе, сіз дыбыстық хабар қалдыра аласыз).
Блог-платформа арқылы диалог пен кері байланыс құру халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және жалпы біздің жұмысымызды жақсартуға көмектеседі деп үміттенемін. Мен біздің ынтымақтастығымыздың пайдалы және қызықты болатынына сенемін!