Үлкендерге деген құрмет қазақстандық қоғамдағы ежелден ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүр болып саналады. Қазақстанда жыл сайын 1-қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күні осы дәстүрді, үлкендерге деген ерекше көңіл бөлу мен сүйіспеншілікті нағыз мерекеге айналдыруға мүмкіндік береді., себебі біз сол кісілердің арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Облыстық қан орталығында «Алтын күз» мерекесі болып өтті.
Қан орталығының директоры - Иосипенко Елена Степановна: «Даналық пен кемелдік күні, өмірлік тәжірибе күні, жетілген сұлулық пен рухани жастық күні, немерелерден алғыс алған күн, жылдарға тағзым ету күні, самайын алтын қырау шалған күн» – деп бұл мерекені өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.
Қадір-қасиетіне қарай даңққа, беделге және құрметке ие болған қадірлі қонақтарды фойеде қарсы алды. Шақырылғандар жас ерекшелігімен мүлде санаспай – сәнді киінген, көңілді, сергек көңілмен қазіргі жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді жарқын жүздерімен қуаттады, сыйлықтарға және оларға көңіл-бөлгенге қатты қуанды, өйткені олардың өмірінде мұндай қуанышты оқиғалар тіпті де көп емес.
Мерекелік дастархан үстінде қан орталығының басшылығы мен қазір жұмыс істеп жүрген қызметкерлер де, шақырылған ардагерлер де өздерінің игі тілектерін айтты.
«Жоқ, біз Сіздермен келесі 1-қазанға дейін бір жылға қоштаспаймыз, біздің есігіміз Сіздер үшін әрқашан ашық, бізге келіп тұрыңыздыр!» - деді қан орталығының директоры - Иосипенко Елена Степановна.
Аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мен даналығы әрқашан жастардың іс-әрекетіне негіз бола берсін!