Бүгін облыстық қан орталығының барлық қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиын орталықтың конференц-залында өтті.
Құттықтау сөзімен директор Е. С. Иосипенко сөз сөйледі.
Бұл - достықтың, келісім мен түсіністіктің мерекесі, себебі 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрып жатқан елімізде онсыз бейбіт өмір сүру мүмкін емес.
Қазақстанның үлкен отбасының құрамында қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, немістер, корейлер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және көптеген басқа адамдар бар.
Халықтың әрбір өкілі, өзгелер сияқты бірегей, бірақ Қазақстан аумағында олар бір мемлекеттің құрылысшылары мен қамқоршылары, олардың әрқайсысы бейбітшілікті сақтауға жауапты. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осында. Мемлекет елде тұратын барлық этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрлерін сақтау мен дамыту үшін барлық жағдай жасауда. Біздің төбеміздегі бейбіт аспан біздің тыныш еңбек етуімізге және балаларды тәрбиелеуімізге мүмкіндік береді.
Басшылық орталықтың үздік қызметкерлеріне гүлдер мен 8 алғыс хат табыс етті, сондай-ақ барлық қызметкерлер Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фильмді тамашалады. Музыкалық ән-шашу іс-шараның ресми бөлігіне тамаша толықтыруболды.