ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz
  • Главная
  • Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамының және қан қызметінің одағы

Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамының және қан қызметінің одағы

Біз ОҚО үшін де, біздің облыстың тарихы үшін де маңызы бар осы грамоталардың суреттерін жариялауды жөн көрдік.Бұл грамоталарҚызыл Крест қоғамымен белсенді бірлескен жұмысы үшін, донорлық бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындауда қан құю станциясының жұмысын жақсы ұйымдастырғаны үшін отыздан астам жылдар бойы ОҚО-ны басқарған,кейіннен ОҚО-ның бірінші директоры болғанбіздің басшымыз Н. Г. Павленкоға 1968 және 1974 жылдарыберілген. Бір кездері, донорлық қозғалысты ұйымдастыру, резерв донорларын жинақтау жұмыстары басқаша болған.

Гуманизм және мейірімділік қағидаттарына сүйене отырып, Қызыл Крест қоғамының өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері ұйымдарды, мекемелерді, кәсіпорындарды аралап, басшылықпен және қызметкерлермен әңгіме жүргізген. Оның мақсаты өтеусіз донорлықты насихаттау, донор үшін де, реципиент үшін де донацияның процедурасы мен пайдасы туралы ақпараттандыру, сондай-ақ кәсіпорындарда донор күнін ұйымдастыру болды. Донорлар туралы барлық мәліметтер Қызыл Крест қоғамының қызметкерлерінде сақталды. Олар Қызыл Крест қоғамының қалалық және облыстық бөлімшелерімен қызмет бағытын корреляциялаған барлық медициналық ұйымдардың штатында болған санитарлық ағартушы ұйымдастырушылар болды. Сонымен қатар, қан алу, қайта өңдеу, жарамсызын шығару, сақтау және ресімдеу, сондай-ақ медициналық ұйымдарға беру функцияларын қазіргідей өңірлік қан құю станциялары, қазіргі қан орталықтары орындады. Қызыл Крест қоғамының қызметкерлері ұйымдастырған, медициналық, жоғары және орта оқу орындарында, қала кәсіпорындарында, ұжымдық шаруашылықтарда өткізетін донор күндері ОҚО көптеген медицина қызметкерлерініңестерінде. Донациядан кейін қан тобы және резус-фактор туралы штамптар паспортқа тікелей қойылды, бұл деректер қиын жағдайларда жиі көмектесті.

Біздің ардагерлеріміздің естеліктері бойынша осындай іс-шараларды өткізу ұйымдарда нағыз мереке болды. Олар алдын ала дайындалды, қабырға газеттері, ұрандар мен стендтер ресімделді, патриоттық әндер шырқалды. Донорларға «Қан тамшысы» белгілері берілді, бірінші рет қан тапсырғандар -гүлдер мен сыйлықтар алды, еңбек сіңірген донорларға жұмыс ұжымдарындағы жиналыстарда құрмет көрсетті, оларға салтанатты іс – шаралар, газеттерде мақалалар арналды, Қызыл Крест қоғамының қызметкерлері өткізетін барлық іс-шараларды ізгі ниеттік пен патриотизмнің жалпыға ортақ атмосферасы әрқашан жетелеп жүрді. Ең маңыздысы – кәсіпорын басшылары акцияларды өткізуді құптады, оларға өздері де белсенді қатысты, гуманизм мен басқа адамның денсаулығы үшін жауапкершілік үлгісін көрсетті. Бұл жылдарды еске алу сондай тамаша...

Өткен ғасырдың 90-жылдарында жағдай өзгерді, Қызыл Крест қоғамы Жарғысының ережелері да өзгерді. КСРО ыдырап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ КСР Қызыл Крест қоғамы Қазақстан Республикасының Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы болып қайта құрылды.

Донорлықты ұйымдастыру процесі, донорлар туралы мәліметтерді жинау және сақтау енді қан орталықтарының (станцияларының) қызметкерлеріне толық жүктелген, бұл жерде санаулы секундта донор туралы, оның қан тобы, донациядан бас тарту, донация күні туралы деректерді алуға мүмкіндік беретін «Инфодонор» бағдарламасы таптырмас көмек көрсетеді.Жергілікті жерлерде үгіттеу-түсіндіру, ұйымдастыру жұмыстарын атқаратын ОҚО донорларды жинақтау бөлімін, қазіргі уақытта ОҚО-да 9 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бірінші біліктілік санатының трансфузиолог-дәрігері Р. Ш. Макатова басқарады. Оған дейін бөлімді 17 жыл бойы Е. С. Иосипенко басқарған, қазіргі уақытта ол ОҚО директоры.

Бұл жұмыстың мән-мағынасы бұрынғы қалпында қалды – донорлық қанға мұқтаж адамдарға көмек көрсету. Және ОҚО бұл тапсырманы ойдағыдай орындап келеді.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru