Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституция күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында облыстық қан орталығында салтанатты жиналыс болып өтті.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын тыңдады және директор - Е. С. Иосипенко қызметкерлерді мерекемен құттықтап сөз сөйледі.
Жиналыс соңында Конституцияны құрудың ерекшеліктері, оның бөлімдері мен құрылымдарының бірегейлігі туралы бейнеролик көрсетілді.