Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК бүгінгі күні Қостанай облысының стационарларында теріс Rh (-) резус факторы бар O (I) бірінші, А(II) екінші, В(III) үшінші және АВ (IV) төртінші топтағы және оң Rh (+) резус факторы бар АВ (IV) төртінші топтағы қан компоненттерін құюға мұқтаж пациенттер бар екендігін хабарлайды.
Қан тапсыруға ниет білдірушілер 4 мамыр күні сағат 8.00-де «Облыстық қан орталығы» КМК, Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А мекенжайына жеке куәліктеріңізбен келіңіздер.
Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен қан орталығының сайтында танысуға болады: http://donor-kostanay.kz/ru/, бөлім/«ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті.
Сондай-ақ, донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес беріледі: (8-714-2)-266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122).
Әрбір дені сау адамның жасай алатын үлкен сыйлығы - ӨМІР!