Көшпелі іс-шараны:
7 қараша күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (28.10.-1.11.2019ж.) донорлыққа қатысуға 83 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 66, донорлықтан босатылғандар саны – 17.
Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.
Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар!