Көшпелі іс-шараны:
4 желтоқсан күні: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 42, «Рудненский водоканал» ЖШС, сағат 7.30-дан 13.00-ге дейін;
5 желтоқсан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (25.11.-29.11.2019ж.) донорлыққа қатысуға 174 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 141, донорлықтан босатылғандар саны - 33.
Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.
Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар!