Көшпелі іс-шараны:
28 мамыр күні: Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 181 мекенжайы бойынша, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК корпусында, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
30 мамыр күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский көшесі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК-ның 2-қабатында, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Барлық тілек білдірушілер донорлыққа қатыса алады. Өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі болуы керек.
Біз сіздерді күтеміз!
Өткен аптаның қорытындысы бойынша (20.05.-24.05.2019ж.) донорлыққа қатысуға 55 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 44, донорлықтан босатылғандар саны - 11.