ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz
  • Главная
  • Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Сізге тағы да ескерткіміз келеді!

Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! Сізге тағы да ескерткіміз келеді!

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Қостанай облыстық қан орталығында донорлар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қабылдануда.

МАҢЫЗДЫ!

Егер сіз сау болсаңыз және өзіңізді жайсыз сезінбесеңіз, келіп, қан тапсырыңыз!

Стационарлық емдеуге жатқызылған пациенттерге қан қашанда қажет. Жоспарланған қан құюдан басқа, күн сайын төтенше жағдайлар туындайды, қан компоненттерін құю қажет болатын сыни жағдайлар да кездеседі.

Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін орталықтың бірінші қабатындағывестибюльде вирустық инфекцияның және басқа да аурудың (дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрын бітелуі, әлсіздік) белгілері бар келушілерді анықтау мақсатында медициналық фильтр жұмыс істейді.

Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз және коронавирустық инфекция (COVID-19) ауруының белгілерінен аздап болса да күдік туындаса, тіркелген ұйымға/емханаға хабарлаңыз (учаскелік қызмет, пациенттерге қолдау көрсету қызметі, анықтама қызметі).

Қостанай қан орталығында барлық донорлық маршрут бойынша карантиндік іс-шаралар кезіндегі эпидемиялық режимнің талаптарына сәйкес санитайзерлер орнатылған.Дезинфекциялық құралдар, бахилалар, маскалар - жеткілікті мөлшерде, соның ішінде донорлар үшін де. Біз сізге бір реттік қорғаныс құралдарын береміз және бізбен бірге сіз міндетті түрде қауіпсіз боласыз.Қан тапсырғаннан кейін, сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В.Нечитайлоның 2020 жылғы 29 наурыздағы № 4 «Санитарлық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысының ережелеріне сәйкес Сізден сауда орталықтарына, сұлулық салондарына, супермаркеттерге, жаттығу залдарына және басқа да объектілерге бармауыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік,қан орталығы диагностикалық орталық емес және коронавирустық инфекцияға қанға (донорлар қанына)зерттеу жүргізбейді.Біз қан орталықтарының жұмысын реттейтін нормативтік актілерге (кодекстер, заңдар, ҚР ДСМ бұйрықтары) сәйкес жұмыс жасаймыз және коронавирусты айқындау (анықтау) қан орталығының құзырына жатпайды.

Сабырлы болып, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Сіз бізге өте қажетсіз және біз де сізді өте жоғары бағалаймыз,

сіздің қаныңызға мұқтаж адамдардың өмірі үшін сіздің қауіпсіздігіңіздің қамын ойлаймыз!

Донорлық қанға қажеттілік қашанда бар!

Бізбен болғаныңыз үшін Сізгеалғыс айтамыз!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru