Әкімшілік
КМК директорының м. а.: Дауменов М.Д.
Медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары: Дауменов М.Д.
Бас медбике: Афанасьева Т.П.
Заңгер: Галиганова Л.В.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер: Уколов В.Л.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін басқару;
- ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін анықтау;
- көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын, бәсекеге қабілеттілігін, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін одан әрі арттыруға бағытталған кадрлық жұмыстың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді қамтамасыз ету;
- ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын, көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жақсартуға бағытталған іс-әрекеттерді қамтамасыз ету;
- ОҚО жылумен, ыстық және салқын сумен жабдықтаумен, кәрізбен, электр энергиясымен, жедел саты жұмысымен, телефондандыру құралдарымен, ауаны салқындатқышпен, тоңазытқыш жұмыстарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін ғимараттарын, үй-жайлары мен жабдықтарын техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру және басқару;
- ғимараттар мен технологиялық жабдықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
- ОҚО бөлімдерін жиһазбен, шаруашылық, жұмсақ құрал-саймандармен жабдықтау;
- көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, соның ішінде, қанды дайындау бойынша көшпелі сессияны;
- қан орталығын тәулік бойы қорғауды қамтамасыз ету;
- ОҚО қызметкерлерінің жұмыс орындарында санитариялық-эпидемияға қарсы режимді, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын бақылау.