Бүгінгі күні ОҚО-да стационарлық емдеуде жатқан, бірнеше рет қан құюды қажет ететін пациенттер үшін келесі қан топтарының қорларын толықтыру қажет:
- О (I) бірінші топ Rh (+) оң - 4 адам
- АB (IV) төртінші топ Rh (-) теріс– 2 адам
- АB (IV) төртінші топ Rh (+) оң– 2 адам
Сондай-ақ, резус-факторы Rh (+) оң О (I) бірінші қан тобы – 1 адам, резус-факторы Rh (+) оң А (II) екінші қан тобы – 1 адам, резус-факторы Rh (+) оң В (III) үшінші қан тобы (2 адам) ТРОМБОЦИТТЕРІНІҢ қорын да толықтыру қажет !!!!!
Донорларға қолайлы болу үшін осы аптада көшпелі бригада жұмыс істейді:
10 желтоқсан күні: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, «Қарабалық АОА» КМК үй-жайы, Фабричная к-сі, 2, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
11 желтоқсан күні: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Тоғызақ ауылы ФАП үй-жайы, («Қарабалық АОА» КМК бөлімшесі), сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
12 желтоқсан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.
Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар!