Қазақстанда жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде - Мұғалімдер күні, ал қазанның бірінші дүйсенбісінде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен құрылған – Халықаралық дәрігерлер күні атап өтіледі. Халықаралық дәрігерлер күні сонымен қатар медицина қызметкерлерінің ынтымақтастық күні болып саналады және қазіргі күні көптеген елдерде мерекеленеді.
Медицина кез-келген адамның өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Дәрігерлер кез-келген жағдайда және кез-келген жайттарда бізге көмек беруге тырысады. Медицина және оның қызметкерлері болмаса, адамзат тұрақты түрде тіршілік етіп, өркендемес еді.
Осы екі адамгершілігі мол мамандықтың көп ұқсастығы бар. Медицина да, педагогика да бір-бірімен тығыз байланысты. Дәрігерге де, мұғалімге де жұмыс барысында шыдамдылық, жан қиярлық, қайырымдылық пен даналылық керек, онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Дәрігер де, мұғалім де жүректерінің бір бөлшегін беруге әзір ...
Әр жас дәрігердің тәжірибелі тәлімгер-дәрігері болған, олар теориялық және тәжірибелік сабақтарды бірге өткізіп, дәрігерді жұмысты өз бетінше атқаруға дайындаған. Бұл ережеде ешқандай ерекшелік жоқ.
Ұстаздың күш-жігерінің арқасында әлем сауатты, білімді бола бастады. Әр сабақ балаларға білім мен ойлау қабілетін ғана емес, сонымен бірге болашаққа деген сенімін, болашақ кәсібін анықтауға мүмкіндік береді.
Дәрігерлер кез-келген жерде және кез-келген жағдайда бізге қол ұшын беруге тырысады. Емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу медициналық көмектің барлық сатыларында сапасы мен қол жетімділігін арттыра алады.
Құрметті дәрігерлер мен оқытушылар! Қан орталығының әкімшілігі мен ұжымы атынан сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен амандық тілеймін!
Өз дәрігерлеріңіз бен оқытушыларыңызды құттықтауды ұмытпаңыздар!
Біздің ертеңіміз сол кісілерге байланысты!