Бүгінгі күні ОҚО-да стационарлық емдеуде жатқан, бірнеше рет қан құюды қажет ететін пациенттер үшін келесі қан топтарының қорларын толықтыру қажет:
- AB (IV) төртінші топ Rh (-) теріс – 2 адам
Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар! Біздің қан орталығына келіңіздер: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы
Донорларға қолайлы болу үшін осы аптада көшпелі бригада жұмыс істейді:
3 қазан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
4 қазан күні: Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, «Федоров АОА» КМК корпусы, К.Либкнехт к-сі, 1, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.