Сәуір айының соңғы аптасы Облыстық қан орталығының қызметкерлері үшін, әсіресе көшпелі бригаданың құрамы үшін қарқынды апта болды.
Біздің қызметкерлер:
- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1-ші және 3-ші корпустарына барып,
- «KOSTANAY PLAZA" сауда-ойын-сауық орталығында акция өткізіп,
- сондай-ақ Рудный қаласының донорларын қабылдап үлгерді.
Жалпы 24-28 сәуір аралығында донация мақсатында 340 адам келді, оның ішінде 262 адам донор болып, қан банкін келесі топтармен толықтыруға көмектесті:
O(I) – 91 адам (83 - Rh+; 8 - Rh-)
A(II) – 81 адам (73 - Rh+; 8 - Rh-)
B(III) – 69 адам (57 - Rh+; 12 - Rh-)
AB(IV) – 22 адам (18 - Rh+; 4 - Rh-)
Құрметті донорлар, сіздерге зор ықыластарыңыз үшін және өмірді сақтауға қосқан маңызды үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!