Көшпелі іс-шараны
2020 жылғы 21 желтоқсан: дүйсенбі күні, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Владимировка а., Школьная көшесі, 1А, дәрігерлік амбулатория ғимараты, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2020 жылғы 22-23 желтоқсан: сейсенбі-сәрсенбі күндері, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов а., Маслозаводская көшесі, 23, Денисов аудандық ауруханасының ғимараты, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2020 жылғы 14 желтоқсан: бейсенбі күні, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Мир көшесі, 24, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптада (14.12.-15.12.2020 ж.) Қостанай, Рудный қалаларында:
- донорлыққа қатысуға ниет білдіргендер - 60 адам;
- донорлықтан босатылғандар - 7;
- қан тапсырған донорлар саны – 53 адам.
Рудный қаласының тұрғындары!
Біз СІЗДЕРДІ, қала мен оған іргелес аумақтардың дені сау және сергек тұрғындарын белсенді әрі тұрақты донор болуға шақырамыз!
Сіздердің қалаларыңызда хирургиялық араласу жасайтын керемет дәрігерлер қызмет атқарады. Рудныйдағы медициналық ұйымдардың қан компоненттерін тұтынуы біздің қан қорымызды СІЗДЕРДІҢ толықтыруларыңыздан да асып түсіп жатады!
Карантиндік-шектеу іс-шаралары-донорлықтан бас тартуға себеп емес!
ҚАН ҚАШАНДА ҚАЖЕТ, әсіресе демалыс және мереке күндерінің алдында!
Алда жаңа жылдық мерекелер келе жатыр.
Дәрігерлер пациенттер мен босанатын әйелдерді демалыста донорлық қанмен қамтамасыз ету проблемасына тап болмас үшін - алдын-ала келіп қан тапсырыңыздар!