Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық қан орталығындағы салтанатты іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізілді. Директор Е.С.Иосипенко қызметкерлерді жергілікті радиобайланыс арқылы құттықтады.
ОҚО дәстүрі бойынша мерейтой иегерлері марапатталды. ОҚО-да 20 жыл қызмет атқарған санитарка Н.В.Кренделеваға ескерткіш мүсіншесі мен «Қан қызметінің мерейгері» лентасы табысталды.
Кәсіпорынның «Даңқ кітабына» облыстық қан орталығында 25 жыл жұмыс жасаған қызметкерлердің аты-жөндері енгізілді, олар: И.С.Бобылева (шаруашылық бикесі) және Г.А. Андреева (медициналық тіркеуші).
Облыстық қан қызметіндегі көпжылдық адал еңбегі үшін және мереке құрметіне келесі қызметкерлерге кәсіпорын директорының алғыс хаттары табыс етілді:
-Мороз Т.Б., трансфузиолог-дәрігер; Черных И.Г., медбике; Мулюкова С.Ф., санитарка; Галиганова Л.В., заңгер; Абдуллаев И.Б., техникалық бөлімнің бастығы.
Қан қызметіндегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін бухгалтер Е.Н.Плешивцева грамотамен марапатталды.
Келесі қызметкерлерге алғыс жарияланды: зертханашы А.Л.Слободинаға, медбикелер: П.Ю.Панова, Н.М.Макарова, кіші медициналық персонал: Е.А.Царкова, Т.И.Трубникова, Ю.В.Рябцеваға; көлікжай меңгерушісі С.В.Кучеренкоға.
Қан орталығының үздік қызметкерлері: трансфузиолог-дәрігер Р.С.Абишева; киім жуу бойынша машинист Ш.Ахмедиярова; медбике Е.Ю.Бондаренконың фотосуреттері кәсіпорынның «Құрмет тақтасына» орналастырылатын болады.
Мұндай іс-шаралар отансүйгіштікке және адамгершілікке, белсенді азаматтық ұстанымға, жаңа дәстүрлердің пайда болуына және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың нығаюына, кешегі жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген жас буынның кәсіпорында ұзақ мерзім жұмыс істеуіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.