Көшпелі іс-шараны
2020 жылғы 8-9 желтоқсан, сейсенбі-сәрсенбі күндері, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу а., Рамазанов к-сі, 2, Қарасу аудандық ауруханасы ғимаратында, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2020 жылғы 10 желтоқсан, бейсенбі күні, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Мир көшесі, 24, 2-қабатта (бөлек кіреберіс) сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2020 жылғы 11 желтоқсан, жұма күні, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл а., Әулиекөл аудандық ауруханасы ғимаратында, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптада (30.11.-4.12.2020 ж.) Рудный қаласында:
- донорлыққа қатысуға ниет білдіргендер - 21 адам;
- донорлықтан босатылғандар - 4;
- қан тапсырған донорлар саны – 17 адам.
Біздің көшпелі бригаданың жұмыс істейтін мекенжайын сіздер кешікпей дұрыс тауып келу үшін біз әрқашан алдын-ала жариялаймыз, біз СІЗДЕРДІ күтеміз!
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздың жаңартылуын және кәсіпорынның ресми интернет-ресурсындағы хабарландыруларды қадағалап отырыңыздар!
Карантиндік-шектеу іс-шаралары-донорлықтан бас тартуға себеп емес!
ҚАН ӘРҚАШАН ҚАЖЕТ!