Қостанай облыстық қан орталығы ақылы негізде COVID-19 (COVID SARS-CoV-2BAF- Ig (G) қарсы антиденелерінің болуына талдау жүргізеді.
Талдау құны: 3.800 теңге.
Коронавирустың болуына арналған ИФТ жүргізу зерттелетін адамның ағзасы COVID-19 қоздырғыштарымен кездескенін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл зерттеу әдісі антиденелерді анықтауға бағытталғандықтан ең ақпаратты болып саналады. Егер олар жүйелік айналымда болса, онда иммундық жүйе коронавирустарға қарсы тұра алады.
Антиденеге тест жасау не үшін қажет
Коронавирусқа қарсы антиденелерге тест жасау, ең алдымен, тексерілетін адамға қажет. Өзін-өзі оқшаулау жағдайында адамның моральдық жағдайы зардап шегеді. Секемшіл, ұсақ-түйек нәрсеге бола уайымдауға бейім адамдар біртіндеп денсаулығына алаңдай бастайды. Олар коронавирустық инфекцияның белгілерін өздерінен іздейді және көбінесе COVID-19 белгілері басқа вирустық инфекциялардың белгілеріне ұқсас екенін жиі анықтайды.
Талдау нәтижелері нені көрсетеді:
• адамның бұрын COVID-19 жұқтырған-жұқтырмағандығын;
• аурудың қандай түрде өрбігендігін;
• ағзада COVID-19 (коронавирус) антиденелерінің болуын, инфекциялық патологияның ауырлығын.
Талдау нәтижелерін 1-3 күн ішінде шығару жоспарланған (сұраныстар санына байланысты). Бұл талдау талдаудың жедел санатына жатпайды.
• Зерттелетін материал - веноздық қан, сондықтан талдауға аздап дайындық жасау қажет - кофеден, алкогольдік сусындардан, майлы тағамдардан, тұз бен дәмдеуіштерге қаныққан тағамдардан тәулігіне бас тарту керек;
• күні бойы ашық күн сәулесінен аулақ болу керек;
• егер мүмкін болса, микробқа қарсы, вирусқа қарсы немесе бактерияға қарсы әрекеті бар препараттарды қабылдамау керек;
• тестілеуден бір күн бұрын шамадан тыс физикалық белсенділіктен, ауыр физикалық жүктемелерден бас тарту керек.
ИФТ әдісімен кімге тексеруден өту керек
• дүкендер, дәріханалар, көлік қызметі, жеткізу, тамақтандыру орындарының қызметкерлері;
• дәрігерлер, орта және кіші медициналық персоналдар;
• коронавирустың белгілері жоқ, бірақ жұқтырған адамдармен байланыста болған адам - мүмкін ол инфекцияның симптомсыз түрімен ауырған шығар немесе ол дәл қазірдің өзінде бар шығар. Екінші жағдайда, адам вирус тасымалдаушысы болып табылады және оны ол басқаларға, оның ішінде егде жастағы туыстарына да жұқтыруы мүмкін.
Сіздердің назарларыңызды мынаған аударамыз:
- бұл әдіс COVID-19 антиденелерін сапалы анықтауға арналған. Нәтижесі теріс, оң, күмәнді болуы мүмкін. Иммуноглобулиндердің мөлшері, яғни, қалыптасқан иммунитеттің сапасы және оның жуықталған ұзақтығы осы әдіспен анықталмайды;
- соңғы 2-4 айда COVID-19-бен ауырдым деп күдіктенген кез-келген адам тексеруден өте алады;
- донорларды тегін тексеруден өткіздік және өткізетін боламыз да. Егер донорда COVID-19 қарсы антиденелер бар екендігі анықталса, одан иммундық плазманың доноры болуын сұраймыз (тиісті денсаулық жағдайымен және донордың өзі қаласа);
- барлық зерттеу нәтижелерін дәрігер түсіндіріп беруі керек! Өйткені, толық картина ауру тарихынан, тексеруден, зертханалық және аспаптық мәліметтерден тұрады. Түсіндіріп беру үшін сіз өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге немесе облыстық қан орталығының терапевтіне жүгіне аласыз.
Анықтама үшін телефондар:
- донор бөлімі: 8-714-2-26-62-74;
- директордың қабылдау бөдмесі: 8-714-2-26-63-06;
Электрондық пошта мекен-жайлары:
Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.
Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.