Көшпелі іс-шараны 29 шілде, СӘРСЕНБІ күні Қостанай облысы, Рудный қаласы, СТРОИТЕЛЬНАЯ көшесі, 23 мекенжайы бойынша Рудный аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының корпусында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптада (20.07.-24.07.2020ж.) Рудный қаласында:
- донорлыққа қатысуға ниет білдіргендер - 27 адам;
- донорлықтан босатылғандар - 4;
- қан тапсырған донорлар саны -23 адам.
Рудный қаласы донорларының белсенді болуын және келіп қан тапсыруын сұраймыз!
Біздің көшпелі бригаданың жұмыс істейтін мекенжайын сіздер кешікпей дұрыс тауып келу үшін біз әрқашан алдын-ала жариялаймыз, біз СІЗДЕРДІ күтеміз!
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздың жаңартылуын және кәсіпорынның ресми интернет-ресурсындағы хабарландыруларды қадағалап отырыңыздар!
Карантиндік-шектеу іс-шаралары-донорлықтан бас тартуға себеп емес!
ҚАН ӘРҚАШАН ҚАЖЕТ!