ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 26 – 63 – 06
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz
  • Главная
  • Ақпарат
  • Жаңалықтар
  • Кәсіпорын және ұйым басшыларының назарына! Қостанай облыстық қан орталығы донорларға мұқтаж!

Кәсіпорын және ұйым басшыларының назарына! Қостанай облыстық қан орталығы донорларға мұқтаж!

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «Облыстық қан орталығы» КМК көшпелі жұмысты жүзеге асырмайтыны туралы пайдаланушылардың өкініш білдірген пікірлері жиілеп кетті. Бұл қандай да бір топтың/резус-фактордың қан қорының шектеулі болуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде халыққа жүгінуге мәжбүр болған жағдайларда байқаладыатап.

Бұның дұрыс емес екендігін айту кету керек. «Облыстық қан орталығы» (бұдан әрі-ОҚО) барлық облыс бойынша (облыс орталығы, қалалар, аудандар) кәсіпорын басшылығымен алдын ала келісім жасау арқылы көшпелі жағдайларда жұмыс істеп келеді және жұмыс істейді.

Алайда карантиндік-шектеу іс-шаралары жағдайында санитарлық-эпидемияға қарсы сипаттағы бірқатар мәселелер туындайды, оларды тек бірлескен күш-жігермен ғана шешуге болады.

Егер сізде өз кәсіпорныңызда Донор күнін ұйымдастыруға ниетіңіз бен мүмкіндігіңіз болса, біз сізге көмектесеміз. Ол үшін Облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөліміне қоңырау шалуыңыз қажет.

Донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес алуға болады: (8-714-2)-266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122) жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін.

Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен қан орталығының сайтында танысуға болады: http://donor-kostanay.kz/ru/, бөлім / «ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті.

Күн сайын біздің ресми интернет-ресурста біз «Донорлық бағдаршам» хабарландыруын жариялаймыз. Онда біз бүгінгі күнге талап етілетін ең қажетті қан тобын/резус факторын көрсетеміз және донорлардың келуін күтеміз.

Біз Құрметті донорларға донация алдында печеньемен тәтті шай ұсынамыз, оған қоса 0,25 АЕК мөлшерінде ақшалай өтемақы, орташа жалақысы бойынша ақы төлей отырып, 2 күн демалысқа анықтама береміз.

Ерікті өтеусіз донорлықты көтермелеу – Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарының бірі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 208-бабына сәйкес, жұмыс берушілер мен ұйым басшылары донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында: денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын донорлар қатарына тартуда жәрдем көрсетуге; қанды, оның компоненттерін алу үшін қажетті үй-жайларды өтеусіз беруге және жағдай жасауға; донор болатын жұмыскерді зерттеп-қарау және қан мен оның компоненттерін донациялау күні жұмыстан кедергісіз босатуға; донор болып табылатын жұмыскерге осы Кодексте белгіленген кепілдіктерді беруге міндетті. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен ұйым басшыларының донорларды қосымша көтермелеуге құқығы бар.

Сізді жұмыс беруші, ұйым басшылары ретінде немқұрайлы қалмауға және Донор күнін өткізуге көмек көрсетуге шақырамыз. Сіздің немесе сіздің жақын адамдарыңыздың донор қызметіне мұқтаж болмауынан ешкім де сақтандырылмаған. Тек Сіз ғана дұрыс басымдықтарды қоя аласыз.

Тек донор ғана мыңдаған адамның өмірін ерікті және өтеусіз құтқара алады.

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, егде жастағы, созылмалы патологиясы, қан аурулары бар адамдар ауыратындықтан, әйелдер босанатындықтан және өкінішке орай – апатты жағдайлар, ЖКО орын алатындықтан қан компоненттеріне қажеттілік сақталып отыр.

 ОҚО басшылығы

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru