16 шілде күнгі көшпелі іс-шара өндірістік себептерге байланысты өткізілмейді.
Көшпелі жұмыс қорытындысы бойынша 9 шілде күні Рудный қаласында 15 адам қан тапсырды-бұл өте аз!
Рудный қаласы донорларының белсенді болуын және қан тапсыруын сұраймыз!
Біздің көшпелі бригаданың жұмыс істейтін мекенжайын сіздер кешікпей дұрыс тауып келу үшін біз әрқашан алдын-ала жариялаймыз, біз СІЗДЕРДІ күтеміз!
Құрметті донорлар, мүмкіндігінше - бізге, Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А, сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Облыстық қан орталығына келіңіздер, донор болыңыздар!
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8-714-2-26-62-74, донорлық бөлім.
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздың жаңартылуын және кәсіпорынның ресми интернет-ресурсындағы хабарландыруларды қадағалап отырыңыздар!
Карантиндік-шектеу іс-шаралары-донорлықтан бас тартуға себеп емес!
ҚАН ӘРҚАШАН ҚАЖЕТ!