Бондаренко Елена Юрьевна – Қостанай медициналық училищесін бітірген және 1986 жылдан бастап облыстық қан орталығында жұмыс атқарып келеді (ол кезде - қан құю станциясы болған).
Ол студент кезінен қан тапсыра бастаған, міне сол кезден бері ол үздіксіз донор болып келеді. Оның есебінде 2003 жылдан бері. (компьютерлік бағдарлама енгізілгеннен кейін есепке алу оңай болды) 40-тан астам донация бар, оның ішінде көпшілігі - тромбоциттер донациясы. Елена Юрьевнаның айтуы бойынша, егер барлық жылдардағытапсырғанын санаса, жүзден көп донация болар еді, өйткені көптеген жылдар бойы ол бір жыл ішінде кемінде 5 рет қан тапсырып жүрді.
Елена Юрьевнаның отбасында ол жалғыз донор емес, оның анасы да «КСРО құрметті доноры» атағының иегері, марапаттары да бар. Елена Юрьевнаның қызы - Евгенияда (суретте анасының қасында) - тромбоциттер доноры, оның есебінде 20-дан астам донация бар; оның күйеу баласы шеткері қалған жоқ, оның есебінде де осы уақытқа дейін 5 донация(оның ішінде тромбоциттерде бар) бар. Жұбайы мен ағасы да белсенді донорлар.
«Сізге мұның қажеті не?» - дегензаңды сұраққа, Елена Юрьевна: «Мен адамдарды қатты аяймын, әсіресе балаларды... Олар қоңырау шалып, маған қан керек еді десе, мен қан тапсыруға барамын ...».
Қостанай қан орталығында жақсы дәстүр бар - ұйымда 25 жылдан астам қызмет атқарған барлық қызметкерлердің есімдері «Даңқ кітабына» енгізіледі. Елена Юрьевнаның тегі осы «Кітапта» 10 жыл бұрын пайда болған.
Денсаулықты сақтау, донорлықты белсенді түрде насихаттау және адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға белсенді қатысу - бұл біздің қызметкердің ең жақсы мінездемесі. Ол әлі де спорттық, сымбатты және жас, сүйікті «вишнёвая дэушкасын»(автокөлік) жүргізеді және кез-келген жас жүргізушіден 100 ұпай алда бола алады!
Сізге ұзақ жылдарғаденсаулық тілейміз, құрметті Елена Юрьевна!
Здоровья вам, уважаемая Елена Юрьевна, на долгие годы!