Фоменко Марина Геннадьевна - Қостанаймедициналық училищесін бітіргеннен кейін 25 жылдан астам уақыт бойыбір ғана медициналық ұйымда - облыстық қан орталығында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол сапаны басқару бөлімінде зертханашы, «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие.
Марина Геннадьевнаның мол тәжірибесі мен жоғары кәсібилігі оған қазіргі медициналық тәжірибеде қолданылатын жаңа әдістер мен технологияларды игеруге көмектеседі. Донорлық қан препараттарын дайындау мен өңдеудің барлық кезеңдерінде оның сапасын бақылауды жүзеге асырады және бактериологиялық зерттеу әдістерін меңгерген.
Жылы шырайлы және өте өнегелі, жеке және ұжымдық жұмыста өзін өте жақсы көрсетеді, жастарға тәлімгер, байланысты мамандықтармен жұмыс жасауда да өзін жақсы жағынан таныта біледі. «Онымен жұмыс істеу оңай, - дейді әріптестері, - ол қандай жағдай болса да көмектеседі, қолдау көрсетеді, білмегеніңді айтып жібереді».
Кәсіпорынның басқа бөлімінебіреудің орнында бола тұруға немесе ауыстыруға өндірістік қажеттіліктер болып тұрады. Басшылық Марина Геннадьевнаның басқа бөлімде де жұмысының сапасы өте жақсы болатынын біледі, ол жаңа істің бүге-шегесіне дейінбілуге тырысады және қазіргі уақытта ең жоғарғы қажеттікке ие жерге сөзсіз жұмыс істеуге барады.
Ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі үшін қан орталығының басшылығы оны бірнеше мәрте мадақтады және құрмет грамотасымен марапаттады.
Марина Геннадьевнаның екі ұлы бар, ол барлық бос уақытын балаларына қамқорлық жасауға жұмсайды. Біздің Марина Геннадьевна өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай саяхаттауды да ұнатады, қолөнермен айналысады - жемпір мен бас киімдердің соңғы үлгілерін тек сол кісіден таба аласыз!
Қостанай қан орталығы - қалыптасқан дәстүрі бар үлкен отбасы. Мысалы, ұйымда 25 жылдан астам еңбек атқарған барлық қызметкерлердің есімдері Даңқ кітабына енгізіледі. Жақында осы «Кітапта» Марина Геннадьевнаның да тегі пайда болды.
Марина Геннадьевна, Сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық тілейміз!