Диханова Динара Жакеновна - Петропавл медициналық училищесін бітіргесін үш жыл өткен соң, ол учаскелік ауруханада медбике болып жұмыс атқарды және ширек ғасырдан астам уақыт облыстық қан орталығында зертханашы, қазіргі уақытта қанға тест өткізу бөлімінде аға зертханашы болып жұмыс істейді. «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие.
Оның өз уақытында тәлімгермен жолы болды,үлкен тәжірибесі бар дәрігер А.П. Герасимова оған тәлімгер болды. Антонина Павловна жас зертханашымен мамандықтың құпиясын кеңінен бөлісті - Динара Жакеновна өзінің үлкен әріптесін әлі күнге дейін ризашылықпен еске алады. Тәлімгердің бата-тілегінің арқасындаДинара Жакеновна қиындықтарға қарамастан, қосымша бейінді білім алды - ол Орынбор мемлекеттік медицина университетін аяқтады, бакалавр дәрежесін алды - оған «Академиялық медбике.Ұстаз» біліктілігі берілді.
Динара Жакеновнаның айтуы бойынша мамандық таңдау кездейсоқ болған жоқ. Үлкен апасы бір кездері медициналық институтты тәмамдаған және қазір тіс дәрігері болып жұмыс істейді. Және кіші сіңлісіде өмірін медицинаға арнауды жөн көрген.
Бөлімнің қызметін ұйымдастырудан, орта және кіші персоналды оқытудан басқа, оның функционалдық міндеттеріне бөлімнің ең жауапты жұмысы кіреді - күрделі жағдайларда қан мен оның резус тиістілігін анықтау, реципиенттерге жеке қан таңдау. Мұндай жағдай жиі туындамайды - және Динара Жакеновна, бұл жұмысты салмақтылықпен және егжей-тегжейлі ойланыпорындайды, тіпті зертханашылармен және медициналық ұйымдардың қызметкерлерімен таныстыру шеберлік сабақтарын да өткізеді.
Динара Жакеновнаныңотбасы үлкен, жұбайы екеуі үш бала тәрбиелеп отыр. Әйтсе де, ол бәріне деүлгереді - ұжымда күнделікті жаттығу гимнастикасын өткізеді, трансфузиология туралы жаңа мақаланы оқып береді, жұмыстың барлық көлемін «өте жақсыға» орындай алады, жаңадан келген қызметкердің жұмысын тексереді, есеп құжаттарын уақтылы және сапалы толтырады.
Қостанай қан орталығында жақсы дәстүр бар - ұйымда 25 жылдан астам еңбек атқарған барлық қызметкерлердің есімдері Даңқ кітабына енгізіледі. Жақында Динара Жакеновнаның есімі де «Кітапта» пайда болды.
Біз оған амандық, адам денсаулығы жолында табысты жұмыстар тілейміз!