Көшпелі іс-шараны:
9 сәуір күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өткізу жоспарланып отыр.
Өткен аптадағы көшпелі жұмыстың қорытындысы бойынша (30.03.-3.04.2020ж.):
- донорлыққа қатысуға ниет білдіргендер – 132;
- донорлықтан шеттетілгендер саны – 22;
- қан тапсырған донорлар саны – 110.
Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.
Осы уақытта бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз–шынын айтқанда, донорлық қанның баламасы жоқ қой.
Біз донорлар мен пациенттер алдындағы үлкен жауапкершілігімізді сезінеміз және барлық қажетті шараларды қолданамыз. Біз науқас адамдардың қан тапсырмауын үнемі қадағалап отырамыз.